Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысы дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылдың шілде айында Қарағанды облысы бойынша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2007-2008 ж.ж. – Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, бас маман - Нұра ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік экология инспекторы. 2008-2012 ж.ж. – Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу
экология департаменті, бас маман - Нұра ауданы бойынша өкілетті
мемлекеттік экология инспекторы. 2012-2016 ж.ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары. 2016 жылы Қарағанды облысы Нұра аудандық маслихатының VI шақырылымының депутаты болып сайланған. 2016-2017 ж.ж. – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы. 2017-2018 ж.ж. – Ауыл шаруашылғы министрлігі Су ресурстар комитетінің «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ бас маманы - мемлекеттік инспекторы. 2018-2020 ж.ж. – Ауыл шаруашылғы министрлігі Су ресурстар комитеті «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ басшысының орынбасары. 2020-2021 ж.ж. – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су
ресурстар комитетінің «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ басшысы. 2021 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары лауазымында кызмет етті.