Осы аталған игіліктердің арқасында әлеуметтік бағдарламаларды жан-жақты дамытуға және жүзеге асыруға, жасампаз еңбекке және экономиканың барлық саласындағы дағдарысты тезірек еңсеруге жағдай жасалып отырғанына ардагер сенімді.
Семейде қазіргі таңда 80-нен астам ұлыстың өкілдері тұрады. Кіші Ассамблея шаңырағының астында 14 ұлттық-мәдени орталық табысты жұмыс істеуде.
«Барша қазақстандықтарды мамырдың 1-і - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанның көпұлтты халқына тұрақтылық, экономикалық өсу тілеймін. Біздің Отанымыз әрқашан гүлденіп, ел Тәуелсіздігі мызғымасын!»,- дейді ардагер А.С.Еременко.