Досымжан Таңатаров Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Фото: Астана қаласының мәдениет басқармасы
Бұған дейін Жастар театрын актер Әділ Ахметов басқарған еді.
Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
«Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».
Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.