Дойбыдан әлемнің алты дүркін чемпионы А. Жұмагелдиеваның бапкеріне «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді

ОРАЛ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дойбышылар бапкері

Данияр Жұмагелдиевке «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Даниярға аталмыш атақты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көп жылғы еңбегі, өз міндетін адал атқарғаны үшін және дойбыдан әлемнің алты дүркін чемпионы Алтынай Жұмагелдиеваны тәрбиелегені үшін берген. Алтынай - Даниярдың өз қызы. Сонымен қатар бапкердің басқа да шәкірттері баршылық.