Дрейк бұғазында күші 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Атлант мұхитында, Аргентинаның оңтүстік жағалауына жақын жерде жер сілкінді.

Зілзаланың қуаты 6,3 балға жетті, деп хабарлады АҚШ-тың Геологиялық қызметінен.

Жер сілкісінің кіндігі Жердің оңтүстігіндегі ең шетке қала саналатын Ушуайя қаласынан 354 шақырым жерде, Дрейк бұғазында 21 шақырым тереңдікте орын алған, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.