Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі кәсіпкер Дулат Қожамжаровтың арнайы реестрге енгізілгенін растамады не жоққа да шығармады, себебі – ақпарат жабық сипатта.
Сондай-ақ комитет заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия қарайтын тұлғалар реестріне қатысты мәліметтер ресми сауал жолдағанның өзінде жария етілмейтінін хабарлап отыр.
Айта кетсек, Forbes нұсқасы бойынша Дулат Қожамжаров Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің қатарына кіреді. Оның байлығы 110 000 000 доллар деп бағаланады.
Еске сала кетейік, соңғы үш жылда елімізге 1,12 трлн теңге заңсыз активтер қайтарылды.