Бұл туралы Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зеллик Африка одағының саммиті өтіп жатқан Аддис-Абебада мәлім етті. «Біздің бағалауымызша, 64 миллионға жуық адам кедейшіліктің шегіне жетеді», деді ол.
Осыған байланысты Зеллик өзі басқаратын банкінің аталмыш проблемадан сырт қалмайтындығына уәде берді. Оның айтуынша, банк алдағы бірнеше жылда Африкаға 15 миллиард доллар бөлетін болады.