АСТАНА. ҚазАқпара - Дүниежүзілік банк 2017 жылы Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өсімін 3,7 пайыз деңгейінде болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік банктің «Еуропа мен Орталық Азиядағы көші-қон және мобильділік» атты экономикалық өсімнің өңірлік үрдісі туралы соңғы баяндамасына қарағанда, 2018 жылы Қазақстандағы ЖІӨ-нің өсімі 2,6 пайызды, 2019 жылы 2,8 пайызды құрауы мүмкін.
Сонымен бірге, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,4 пайыз, 2018 жылы - 4,6 пайыз, ал 2019 жылы 4,4 пайыз көлемінде болжанып отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.