деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған грантты алу үшін кез келген үкіметтік, коммерциялық емес ұйымдар өтініш бере алады. Грант көлемі бір ұйым үшін 5 мың доллардан аспайды. Өтініштерді қабылдау Дүниежүзілік банктің Астана және Алматы қалаларындағы өкілдіктерінде ағымдағы жылғы сәуірдің 2-іне дейін жалғасады.
Қор ақпараттарды және білімді таратуға және сұхбатты дамытуға бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ даму үрдісіне қатысушылармен әріптестікті нығайтуды қаржыландырады. 2010 жылы қор азаматтардың әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешуге қатысуын кеңейту бағытындағы жобаларға қолдау көрсетеді.
Осыған орай аталған банк ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Қордың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін байқаудың әлеуетті қатысушыларына бірқатар семинар өткізуді жоспарлауда.