ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып,
«Сайлаудағы менің жеңісім» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Шараның негізгі мақсаты - жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру.
Жиын барысында сөз алған «Арту» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Тұманов жастарға алдағы сайлау науқандарына қатысты жан-жақты мағлұмат берді. Шара барысында кәмелетке толған жас сайлаушыларға жеке куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).