Қыркүйектің 22-сінен 23-іне қараған түні округтік және клиникалық ауруханаға шахмат жарысына Қорған облысынан келген 31 бала түсіп қалды. Олардың бәріне «тамақтан улану» деген диагнозы қойылып отыр. 18 баланы ауруханаға жатқызуға тура келген.
Бұл оқиғаға Югра прокуроры Александр Кондратьев дереу үн қатты. Ол тексерудің барысын өзінің жеке бақылауына алды және олимпиадаға қатысушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың әрекеттеріне заң жүзінде баға беруді талап етті.
РФ Қылмыстық кодексінің 236-шы бабы 1-ші тармағы бойынша (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) қылмыстық іс қозғалды.