Биыл ақпан айында sms шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169 млрд. теңгені құраған болатын. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank - 16,8%, Альянс банк - 30,9%.
«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады», - дейді Kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.