08:11, 01 Сәуір 2009
«Дженерал моторс» компаниясы банкрот болуы мүмкін
НЬЮ-ЙОРК-ДЕТРОЙТ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Американың автокөлік жасаушы «Дженерал моторс» корпорациясының жаңа басшысы Фритц Хендерсон сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, компанияның банкроттыққа ұшырау ықтималдығын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиэйтед пресс» агенттігіне сілтеме жасап. Үкімет тарапынан көрсетілетін көмекті әрі қарай ала беру үшін компания 60 күннің ішінде өз жұмысын оңтайландырып, кредиторлармен мәмілеге келуі керек. «Дженерал Моторс» корпорацияның бес зауытын жабуды жоспарлап отыр, бірақ басқа түбегейлі өзгертулер белгіленген мерзімінде орындалуы екіталай. Осыған байланысты, компания басшылығы банкроттыққа ұшырау ықтималдығы артып отыр, деп санайды. Фритц Хендерсон бұл мәлімдеменің өз қызметіне кіріскен алғашқы күні жасады. Корпорацияның бұған дейінгі басшысы Рик Вагонер Б.Обама әкімшілігінің талабымен қызметінен кетті.