«Дженерал моторс» Қытай рыногына 10 жаңа үлгіні шығармақшы

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Күрделі қаржылық жағдайды бастан кешіп отырған американдық «Дженерал моторс» («Джи-эм») корпорациясы биылғы жылы Қытайдың ішкі автомобиль рыногына «Опелді» қоса алғанда өзінің 10 жаңа үлгісін шығармақшы. Бұл жөнінде корпорация басшыларының бірі Кевин Уэйл мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол «Джи-эмның» өзінің алдына 2010 жылы Қытайға 2 млн автомобиль сату міндетін қойғанын хабарлады.

«Дженерал моторс» бүгінгі күні Қытайдың ішкі рыногында аса ірі шетелдік автомобиль сатушы болып табылады.