Джонс кубогында қазақстандық баскетболшылар қатарынан төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты

АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/  - Тайванда өтіп жатқан дәстүрлі Джонс кубогы турнирінде қазақстандық баскетболшылар қатарынан төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Олар халықаралық бұл турнирде алдымен Корея құрамасымен кездесіп  75:73 есебімен ұтылған болатын. Одан кейін ирандықтардан -  79:56, филипиндіктерден 85:67 есебімен жеңіліс  тапты. Ал кеше Ливан құрамасына да (77:73) есе жіберді.  Ал былтыр олар алғашқы ойынын  жеңіспен бастаған болатын. Алайда жарыстың жалпы қорытындысында    2007 жылы көрсеткен  нәтижесін қайталап, үздіктердің қатарына қосыла алмаған еді. Үздік үштікке ену енді биыл   да арман боп қалғалы отыр.