Баспадан хабарлағандай, мемуарға Буштың президент кезіндегі маңызды сәттер - 2000 жылғы сайлау, қыркүйектің 11-індегі лаңкестік оқиға, сондай-ақ ішімдікке әуестігімен күрес сияқты сәттер арқау болған.
«Ақ үйден кеткеннен кейін, Буш не сұхбат берген, не көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеген емес. Бірақ ол күн сайын осы шығармасымен айналысқан, ол президент кезінде және жеке өмірінде қайсыбір шешімдерді қабылдаған кезде не ойлап, не қойғаны туралы шынайы жазуға тырысқан», - дейді баспагерлер