ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Самара қаласында дзюдодан олимпиада резерві училищелері арасында өткен дәстүрлі ашық турнирден батысқазақстандық қыздар жүлдемен оралды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған жарысқа Ресейден 14 және Қазақстаннан бір команда қатысты. БҚО құрамасы екі күміс, қос қола жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Алмагүл Орынғалиева 63 келі, Гауһар Ермағамбетова 57 келіде екінші орынға көтерілді. Ал Ғарифа Жармаева (48 кг) мен Ақзер Хамидулина (40 кг) қола медальді еншіледі.
Дзюдошы қыздарды Азамат Қапсатов пен Қасым Қаженов жаттықтырып келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).