Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ға қатысушы бес елдің коммерциялық компаниялары үшін корпоративтік басқару талаптарын үйлестіруді жоспарлауда. Бұл туралы ЕЭК қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян айтты.
«Қазір әріптес елдерде корпоративтік басқару тәсілдері бір-бірінен ерекшеленеді. Біздің мақсатымыз - биржалық кеңістіктерді біріктіру бойынша жоба аясында оларды бірыңғай бөлімге келтіру және Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан қаржы нарықтарын кеңейту», - деп түсіндірді ол.
Давтян мырзаның айтуынша, корпоративтік басқару кодекстерін үйлестіру атап айтқанда, әріптес елдер эмитенттерінің ұлттық биржаларында листинг мақсатында қажет. Сарапшылар бұл жобаны іске асыру күрделі емес екенін атап өтеді.
«Бұл мәселеде қатысушылар арасында келіспеушілік бола қоймайы. Біздің елдердегі корпоративтік басқарудың қолданыстағы қағидасы тұтастай ұқсас. Себебі жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға негізделеді», - деді «Фридом Финанс» бас директоры Тимур Турлов.
Сонымен, Ресейде корпоративтік басқару кодексінің алғашқы редакциясы 2002 жылы ЭЫДҰ қағидаттарының негізінде қабылданды.
Алайда ол практикаға кеңінен сәл кейінірек енгізіле бастады. 2014 жылы құжатты Ресей Банкі мақұлдады және акционерлік қоғамдарға қолдануға ұсынылды, олардың бағалы қағаздары ұйымдасқан саудаға рұқсат етілді. Мәскеу биржасының листинг қағидасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес бірінші және екінші деңгейдегі белгіленген тізімге орналастыруға үміткер компаниялар кодексте жазылған корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауға міндетті.