Департаменттің негізгі міндеттері: Одақта еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыру, еңбек ресурстарының қозғалысы, сондай-ақ әлеуметтік, денсаулық сақтау және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша үйлестірілген және келісілген саясат жүргізу және қамтамасыз ету. Жаңа директордың айтуынша, алдағы төрт жылда Еуразиялық одақ мемлекеттеріндегі еңбекшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі Шарт жобасын жетілдіруді аяқтау, мәмілеге келу және жүзеге асыру басымдыққа ие болады.
11:03, 14 Қараша 2016
ЕЭК Еңбек миграциясы және әлеуметтік қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық комиссиясында (ЕЭК) жақында құрылған Еңбек миграциясы және әлеуметтік қорғау департаментінің жаңа директоры болып Паиза Суюмбаева тағайындалды. Бұл қызметке оны Қырғызстан үкіметі ұсынды. Паиза Суюмбаева Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статс-хатшысы - министрдің бірінші орынбасары болып еңбек еткен, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.