Мұнда төмендегідей шарттар жөнінде сөз болып отыр: мемлекеттік бақылау саласындағы ұлттық заңнамалардың үйлесімділік принциптері туралы; біріңғай техникалық регламенттерде талаптары бекітілмеген өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы; үшінші елдермен өзара сауда кезінде техникалық кедергілерді жою туралы шарттар.
ЕЭК министрінің сөзіне қарағанда, үздік халықаралық және ұлттық тәжірибелер негізінде одақ мемлекеттерінде нарықты бақылауда бірыңғай шараларды пайдалану оның тиімділігі мен айналымдағы өнім қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.