«Мен Еуразиялық одақтың мүмкін екендігінің мығым жақтасы болдым әрі болып қала берем де. Біз қазірдің өзінде оны құруға жақындап қалдық. Ол еркіндік, теңқұқылық, өзара тиімділік, әрбір елдің прагматикалық мүддесін ескеру ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.
Осы ретте ҚР Президенті Еуразиялық одақ идеясы көтерілген сонау 90-шы жылдары өзінің бұл бастамасы ТМД елдерінің көптеген саясаткерлері үшін түсініксіз болғандығын атап өтті.
«Бүгінде ол іскерлік ортада, қоғамдық-гуманитарлық деңгейде кең ауқымдағы қажеттілік болып отыр», - деді Елбасы.