Егеменді еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етейік - алқа мәжілісі

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Егеменді еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етейік. Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігінің 2010 жылдың қорытындысына және 2011 жылғы міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Биыл - ерекше жыл. Барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңген қол шығарып егеменді еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етейік»,-деді Үкімет басшысы Мәдениет министрімен меморандумды бекіту барысында.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері министрліктер мен ведомстволардың өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттеріне арналған алқа мәжілістерінде Үкімет басшысы министрліктердің биылғы жылға арналған мақсат-міндеттерін орындауға негізделген меморандумдарды әр министрмен бекітіп отырды.