деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде құзырлы орган қызметкерлері оқиғаның себеп -салдарын анықтауда. Жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарасты трактор аудан орталығына жеткізілген. Жалпы облыс аумағында ағымдағы жыл басынан бері 104 жол- көлік оқиғасы орын алып, онда 36 адам мерт болды, 113-і әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген. Тек өткен тәулікте Аршалы, Зеренді, Целиноград аудандарында автокөлік жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қарсы бетке шығып кетуі салдарынан болған апатта екі адам өмірден озып, төртеуі дене жарақаттарын алған.