37 жастағы ер адам орманда келе жатқанда белгісіз бір сұлбаны байқайды. Ол адам көлеңкесін аю деп ойлап қалып, екі рет атқан. Ағаштардың арасында аю емес, өзге аңшы жасырынып отырған екен. 63 жастағы ер адам алынған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті болған келеңсіз жайт туралы полицияға өзі баяндап берді. Оған қатысты «Абайсыздан адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.