Екібастұзда жеңіл көлік пен скутерлер соқтығысып, төрт жасөспірім зардап шекті

Фото: Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жол-көлік оқиғасында жарақат алған балалар қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған.

Кеше түнде Екібастұзда «Лада» маркалы жеңіл көлік көшеде кетіп бара жатқан екі скутерді соққан. Оқиға салдарынан кәмелет жасына толмаған төрт бала зардап шекті.

Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті

- 1 сәуір күні Екібастұз қаласындағы М.Әуезов көшесі бойында «Лада 2115» маркалы жеңіл көлік жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасаған. Осылайша, Самурай маркалы екі скутерге жол бермей, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде кәмелет жасына толмаған 4 жасөспірім зардап шекті. Олардың екеуі жүргізуші, екеуі жолаушы. Жедел жәрдем қызметі барлығын ауруханаға жеткізді,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Апаттық жағдай тудырған жеңіл көлік арнайы тұраққа қойылған. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда скутерге мінген екі жасөспірім Камазға соғылып көз жұмды.

Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті