деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Aardonyx celestae деген атауға ие болған динозаврдың ұзындығы 7 метр. Оның мойыны ұзын және басы шағын болған.
Кесірткенің аяқтарының құрылыстары олардың төрт аяқпен де және артқы екі аяқпен де жүре алатындықтарын көрсетеді. Жақ сүйектеріне талдау жасағанда Aardonyx celestae-тің шөппен қоректенгендігін аңғару қиын емес.
Қалдықтар Оңтүстік Африкада табылды. Олардың жасы 195 миллион жылды құрайды. Палеонтологтарға көп мөлшердегі сүйектер мен олардың бөлшектерін табудың сәті түсті. Олардың әралуан - екі түрлі жануарларға тиесілі болуы әбден ықтимал.