Екі аймақта дала өрті ауыздықталды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында екі үлкен дала өрті ауыздықталды,

 деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспаөз   қызметінен. 

Ақтөбе облысының Әйтеке би  ауданында     шілденің 29-ында  сағат 16.50-де  400 гектар  аумақтың дала алқабы   өртенді.   Тілсіз жау    шілденің 31-і күні  таңғы сағат 9-да ғана ауыздықталды. Өртті сөндіруге  46 адам, 5 техника  жұмылдырылды.

Ал Шығыс Қазақстанда шілденің 30-ында   кешкі сағат 7-лерде  басталған   өрт    500 гектардай   аумақты     жалмады.   Өртті сөндіруге    Тарбағатай ауылындағы жеке  бекеттің  құрамы атсалысты,    оқиға орнына өрт  сөндіру  қызметі  шақырылған   жоқ.     Жалын   шілденің 31-і күні   түнгі сағат 3-те ауыздықталды.

 Екі  оқиғада да   зардап шеккендер  жоқ.