АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің екі облысындағы республикалық жолдар жабық тұр. Бүл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 30 қарашада сағат 14.30-дан бастап «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Ал, кеше сағат 21.00-ден бері Қостанай облысы аумағындағы барлық бағытта қоғамдық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.