Екі жасар баланың өтірік айту қабілеті оның табысты келешегін білдіреді, дейді ғалымдар

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Бала ертерек өтірік айта бастаса, оның болашағы соншалықты табысты болуы мүмкін. Канадалық ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиосы.

Ғалымдардың пікірінше, баланың екі жаста өтірік айта білу қабілеті оның миының тез дамуының белгісі болып табылады. Бұл дегеніміз, мұндай балалардан ісі оңынан басатын ересектер өседі деген сөз, дейді ғалымдар. «Ондай балалар, келешекте банкир болуы ықтимал», деп мәлім етті Торонто университетінің докторы Кэнг Ли.

Ғалымдар жүргізген зерттеуге 2 жас пен 16 жастың аралығындағы 1 200 бала қатысқан.