КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Державинск қаласында су құбырының бойында орын алған апатты жою кезінде бетон плита құлап, мерт болған екі адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға қаңтардың 7-і күні Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Бейбітшілік көшесінің бойындағы №71 тұрғын үй маңында орын алған. Жарылған су құбырын жөндеу барысында шұңқыр жарының опырылып құлауынан «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорнының 1993 және 1995 жылғы екі жұмысшысын бетон плита басып қалды.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.