деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
2 мыңнан астам ұл мен қыз шыршаны айнала әндер айтты, би биледі, Аяз Атамен және Қарша Қызбен ойындар ойнады. Балалар орталықтарының өнер ұжымдары ертеңгіліктерге қатысқан балаларға арнап концерттер және ертегі қойылымдарын ұсынды.
Балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған қала әкімі, оларға оқуда озат, спортта шыңдалып, өнерде мол жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді. Барлық балаға сыйлықтар табыс етілді.