Бұл шара «Қазақ тілі» қоғамының құрылуының 20 жылдығына және Қазақстан халқының Тілдер күніне арналды.
Бұл шараны Достық үйіндегі жастар бірлестіктері ашты. Ал қаланың өнер ұжымдары орындаушылар мен хореографиялық ансамбльдердің концерттерін ұйымдастырды, қазақтың әдет-ғұрыптары мен ұлттық ойындарын көрсетті.
Көпұлтты жастардың фестивалі Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жандандыруға, отансүйгіштікке және төзушілікке тәрбиелеуге үлес қосты, деп санайды Екібастұздың ішкі саясат бөліміндегілер.