Бұл туралы агенттікке полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтерінің балконына кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлау салдарынан ер адам көз жұмған.