Мерекеге студенттер, оқушылар, кәсіпорын қызметкерлері, спортшылар, этномәдени бірлестіктер қатысты. Форум мектеп оқушыларының флешмобымен басталды, шара соңы ұлттық биге ұласты. Қазақстан Республикасының Туын көтеру құрметті құқығы Достық үйі этномәдени бірлестігі жастар қанатының көшбасшысына берілді. «Мемлекеттік рәміздер қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда, қоғамның нығаюына, елдің оң имиджін дамытуда маңызды рөлге ие, - деді қала әкімі Александр Вербняк. - Бүгін тәуелсіз мемлекет Қазақстанның басты атрибуты әлемдік кеңістікке танылған. Біздің Тумен ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері сияқты халықаралық маңызы бар шаралары өтті, онда әлемнің ірі мемлекеттерінен қатысушылар болды. Әлемдік аренада жеңіске жеткен өнер майталмандары, спортшылар Қазақстан Әнұранын әуелеткенде, ерекше мақтаныш сезіміне бөленеміз», - деп атап өтті А.Вербняк. Форумда патриоттық әндер шырқалып, халық билері биленді.
19:38, 05 Маусым 2015
Екібастұзда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық форум өтті (ФОТО)
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күнінде «Мемлекет. Рәміз. Патриот» форумы өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова.