Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келіп, шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көрді, ал ол: «Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!»,-деп айқай салған.
- Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім, - дейді Нұрсұлтан Серікбаев.
Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды.
28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.