Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны айтылған.
Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмысына барлығы 484 адам жұмылдырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.
Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген.
Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалды.