Екібастұздағы «Нұр Отан» партиясының өкілдері бүгін Х кезектен тыс конференцияда бас қосады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Екібастұзда бүгін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Х кезектен тыс конференциясы өтеді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.

Оның жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Статистика Агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов, Павлодар облыстық «Нұр Отан» филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерлан Арын, делегаттар мен шықырылған қонақтар қатысады.

Конференцияда «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» париясының жаңа міндеттері, «Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасының жобасы қаралып, партияның Павлодар облыстық филиалының XIII кезектен тыс конференциясына делегаттар таңдалады.