Екібастұздық ұры әйелді полицейлер қылмыс үстінде үш рет ұстады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары қалта ұрлықтарын жасау күдігімен Екібастұздың 23 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметіне қала тұрғыны келіп, «Рубиком» көшпелі дүкенінің қасында оның сөмкесінен бағасы 31 мың теңгелік «Нокия-2600» ұялы телефоны ұрлап әкетілгенін айтты. Ізі суымай мойындау түсінігін берген жас әйел ұсталды.

Одан айғақ дәлелдер алынды. Күдікті ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Алайда келесі күні ол бағдарлық такси ішіндегі жолаушы әйелдің пакетінен екі мың теңге бар әмиянын ұрлап, тағы да ұсталды. Жас әйел сондай-ақ «Арлан» дүкенінің қасында тұрған сатып алушының ішінде 14 мың теңге, жеке куәлік және төлем карточкалары бар сөмкені ұрлауда айыпталуда. Айғақ дәлелдер алынды.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді.