Бұл ауаға ластаушы заттар шығаруды азайту жөніндегі табиғатты қорғау заңнамасының талабын орындап, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Стансада №6 қазанагрегатының жобалық жұмысы мәресіне жетіп, оған арналған «Сибэнергомаш» кәсіпорынымен торап орнату жөніндегі келісім аяқталуда. Қайта жаңарту жұмыстары №6 қазанның өнімділігін арттырып, станса жұмысының сенімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Станса Екібастұздың жылумен қамтамасыз ететін жалғыз көзі.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру өндіріс тиімділігі мен стансаның техникалық және экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.