Екібастұздықтар қайырымдылық марафоны аясында 8,7 млн. теңге жинады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда өткен XIX марафонның аясында қоғамдық «Қайырымдылық» қорына 8,7 млн. теңгедан астам қаражат түсті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қайырымдылық акциясына қаланың 240-тан астам мекемесі қатысты. «Өткен жылмен салыстырғанда қайрымдылық акциясына қатысушылар әлдеқайда көбірек. Сондай-ақ қорға келіп түскен ақшаның да түсімі айтарлықтай көбірек. Өткен жылмен салыстырғанда осы жылы қорға миллион теңгеге артық түсті. Бұл қаражат аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балалардың, сонымен бірге жетімдердің қаражатына жұмсалады», - деп атап өтті қордың жетекшісі Аркадий Бауэр.

Айта кетейік, бұл қаражаттың саны әлі де нақты емес, Екібастұздағы марафон жалғасып жатыр.