«Мұндай конкурстарды біз жылда өткізіп отырамыз. Сайыс кеншілердің кәсіби шеберлігін арттырады», - дейді «Шығыс» разрезі бас инженерінің қызметін атқарушы Игорь Музычук.
№1 қазба жұмыстары учаскесінің ең үздік машинисті болып Зейнолла Кенжетаев танылды, екінші орынға Руслан Ғатаулин шықса, үйінді жұмыстары учаскесінің экскаваторшысы Сергей Орлов үшінші орынды қанағат тұтты.