Бұдан бұрын Коннектикут полициясының комиссары Джеймс Ровелла апат құрбандары бар екендігін мәлімдеген болатын. Бірақ олардың санын айтпады.
Джеймс Ровелланың сөзіне қарағанда, B-17 ұшағының бортында 13 адам: 10 жолаушы және үш экипаж мүшесі, ал бомбалаушы ұшақ соғылған қосалқы ғимаратта әуежайдың техникалық қызметкері болған.
NBC-тің атап өтуінше, зардап шеккен алты адам таяу маңдағы ауруханаға жеткізілген, олардың үшеуі ауыр жағдайда.
Ұшақ АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақыты бойынша шамамен 09:45-те әуеге көтерілген. Арада тоғыз минут өткенде ұшқыштар Брэдли әуежайына ұшақта проблема туындағандығын, оны тиісті биіктікке көтерілмегендігін хабарлаған. Он минуттан соң В-17 әуежайдың қосалқы ғимаратына соғылған.