Аталған министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Мағзұм Мырзағалиев кездесу барысында Shell компаниясын Каспий маңы бассейінде геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салу мүмкіншіліктерін зерделеуге шақырған.
«Shell Kazakhstan басшысы О.Лазармен кездестік. Shell-ді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырдым. Каспий маңында және «Еуразия» жобасы деп аталатын аз зерттелген бассейндерге геологиялық барлау жасауға инвестиция салу мүмкіншілігін зерделеуге уағдаластық», - деп жазды министр Twitter-де.
Оның атап өтуінше, тараптар бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешімге келген.