Комитет ұжымына жаңа төрағаны ҚР экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды.
ЗулфухарСансызбайұлы Жолдасов, 1976 жылғы 16 маусымда туған. Білімі жоғары - 1998 жылыҚазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 1999 жылы «Құнарлы» АҚ заңгерқызметінен бастаған.
1999 жылдыңмаусымы мен 2000 жылдың мамыры аралығында ҚР ҚК қатарында шұғыл әскери қызметін өтеген.
2000 жылдыңмаусымы мен 2004 жылдың сәуірі аралығында әскери прокуратура органдарындаәскери прокурордың аға көмекшісі.
2004 жылдыңнаурызы мен 2008 жылдың сәуірі аралығында Алматы облысының табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болды.
2008 жылдыңсәуірі мен 2010 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақстан РеспубликасыҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылаукомитетінің Қалдықтармен жұмыс істеу басқармасының бас сарапшысықызметін атқарды.
2010 жылдыңжелтоқсаны мен 2012 жылдың шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғауминистрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаментініңҚұқықтық жұмыс басқармасының бастығы лауазымында еңбек етті.
2012 жылдыңшілдесі мен 2014 жылдың қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Қоршағанортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетініңҚарағанды облысы бойынша экология департаментінің бастығы болды.
2014 жылдыңқаңтарынан 2015 жылғы желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Қоршағанорта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағандыоблысы бойынша экология департаменті басшысының қызметін атқарды.
2015 жылғыжелтоқсанынан бүгінгі күнге дейін Экологиялық реттеу және бақылау комитетіТөрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.
ҚазақстанРеспубликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттікбасқаруды жаңғырту» тақырыбындағы басқарушы қызметке тағайындалған мемлекеттікқызметкерлерді қайта даярлау бағдарламасын табысты аяқтаған.