Осы орайда Премьер-Министр аталған мәселені екі жолмен шешуді ұсынды. «Біз жергілікті бюджетке түсетін экологиялық төлемдерді тек экологиялық мәселелерге ғана бағытталуын заңды түрде бекітуіміз міндет немесе ол төлемдерді орталықтандыру қажет. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар ол ақшаға басқа мәселелерін шешумен әуре», - деді К. Мәсімов.
Үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне бұл мәселені 1 айдың ішінде шешуді тапсырды.