АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейін елордалық кітапханашылар ағылшын тілін жетік меңгеретін болады. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР ҰАК ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің жетекшісі Сәуле Назырова.
«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалып жатырмыз. Барлық қызметкерлерімізді ағылшын тіліне үйретудеміз», - деді ол.
Сонымен қатар ол аталған халықаралық шараға дайындық аясында кітапханада нақты жұмыстар атқарылатын болады.
«Біз қазірдің өзінде Кітаптар мұражайын және көптеген зал аштық. Мұның барлығы ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер үшін қызықты болары сөзсіз», - деді С.Назырова.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.