ЭКСПО-2017 көрмесінде 6 мыңнан астам мәдени шара өткізіледі - Мәдениет министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесінде 6 мыңнан астам мәдени шара өткізіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.

"Министрлік ЭКСПО-2017 xалықаралық көрмесін өткізу барысында ұйымдастырылатын мәдени-сауықтық шаралардың кешенді бағдарламасын жасады. Оның құрамына 6 мың шара енгізілген", - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 шарасы келесі жылы Астанада өтеді. Оған шамамен 3-5 млн. турист келеді деп күтілуде. Бүгінгі күні Қарағанды, Алматы, Қызылорда және өзге де облыстар ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін меймандарға өздерінің туристік бағдарламаларын жасақтауда. Соның ішінде Байқоңыр айлағы туристер үшін есігін ашатын болады. Ал Алматы қаласы Шымбұлақ шаңғы кешенін xалықаралық стандарттарға сай инфрақұрылымдық әзірлеуден өткізбек.