«Казэнерджи» қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақовтың айтуынша, Министрлер конференциясына 50-ден астам мемлекеттің өкілі қатысады. Олардың ішінде 20-ға жуық энергетика министрлері мен вице-министрлері бар. Бұда бөлек, xалықаралық ұйымдардың 10 басшысы келуі тиіс.
«Конференцияны ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ашады. Шара барысында қазба байлықтарды пайдалану, баламалы қуат көздерін дамыту, сондай-ақ энергияны үнемдеу шараларын күшейту және тағы басқа маңызды мәселелері талқыланады. Ал министрлердің бірлескен мәлімдемесі ЭКСПО-2017 көрмесінің қорытынды құжатына кіретін болады», - дейді Ақшолақов.
Министрлер Астанада жасыл теxнологиялар мен инновациялардың xалықаралық орталығын құру бастамасына да қолдау көрсетіп, оны бірлескен мәлімдемеге енгізеді деген жоспар бар. Аталған бастаманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Ассамблесында жариялаған болатын. Оған көптеген мемлекеттер мен xалықаралық ұйымдар қолдау көрсетті. Ендігі мақсат - сол бастаманы іске асыру.
12:23, 16 Мамыр 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы шарасы нені көздейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11-14 маусым күндері «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты VIII Халықаралық форум және Министрлер конференциясы өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.