ЭКСПО: 80 жастағы жапониялықты қазақтың музыкасы тәнті етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейуана Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін асыға күтті. Томийо Ямаду 1970 жылдан бастап бірде-бір көрмеден қалмай, әрбіреуіне қатысып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін мен ЭКСПО көрмесі өткен жеті мемлекетте болдым. Қазақстан павильондарына міндетті түрде кіріп аралаймын. Мысалы, Италияның Милан қаласында өткен көрме кезінде қазақтың ұлттық киімдерін көріп, музыкасына тәнтті болдым. Ғажайып әуендер, тамаша аспаптар. Ал Астанадағы ЭКСПО-да маған «НұрӘлем» павильоны қатты ұнады. Шардың әрбір қабатында түрлі таңғажайып нәрсе бар. Адам үйренетін жаңалықтар көп. Жалпы Астананың өте қонақжай қала екеніне көзім жетті», - дейді Томийо Ямаду.

Айта кетейік, Ямаду ханым - Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің өз еліндегі елшісі. Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов жапониялық кейуананы қабылдады.