Бүкіләлемдік кардиоваскулярлы және торакалды хирургтер қауымдастығының 27-інші "WSCTS-2017" конгресі Астана қаласында 1-3 қыркүйек күндері өтетін болады.
«Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады. Айта кетерлік жайт, Қазақстан - посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел.
Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1 мыңнан астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургінің шеберлік сабақтары және дәрістері күтуде», - делінген таратылған хабарламада.